БАСПАСӨЗ -РЕЛИЗІ
Рудный қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің жобасына
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Жоба «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы отбасыға (азаматқа) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін көздейді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы күшін жойғанына байланысты «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» жаңа шешім жобасы әзірленді.
Негізгі нормативтік құқықтық актіні, сондай-ақ оған өзгерістер енгізілген нормативтік құқықтық актілерді күшін жойды деп тану қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2024 жылғы 5 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: