Мәслихаттың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 183 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Горняцк кентінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 104 824,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 16 123,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 88 700,3 мың теңге;
2) шығындар – 105 165,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -341,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 341,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қашар кентінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 530 865,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 45 936,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 488,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 484 440,9 мың теңге;
2) шығындар – 533 721,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 856,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 856,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің
1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков