Мәслихаттың 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 181 «Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 39 032 742,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 31 467 196,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 67 468,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 126 336,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 7 371 741,4 мың теңге;
2) шығындар – 38 211 913,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 7 865 129,1 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -7 044 300,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 044 300,3 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын.
«4. Жергілікті атқарушы органның 2023 жылға арналған резервінің мөлшері 401 772,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков