Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қаласының                       2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы»  шешімінің жобасына   БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қаласының                       2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы»  шешімінің жобасына

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қаласының  2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Рудный қаласының            2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджетінің көлемдерін бекіту болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдау бюджеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың бюджеттік заңнаманы сақтай отырып үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14825031

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 декабря 2023