Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы  

 

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс

 бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық

сервитут белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы                           5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының                           10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

Рудный қаласы, Восточная көшесі, 13 құрылыс учаскесі мекенжайы бойында сыртқы газбен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0082 га;

Рудный қаласы, Восточная көшесі, 13 құрылыс учаскесі мекенжайы бойында сыртқы суды бұру тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0397 га;

Рудный қаласы, Восточная көшесі, 13 құрылыс учаскесі мекенжайы бойында сыртқы электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0594 га;

Рудный қаласы, Восточная көшесі, 13 құрылыс учаскесі мекенжайы бойында сумен жабдықтау тораптарын, жылу тораптарын, телефондандыру тораптарын төсеу және пайдалану мен абаттандыру мақсатында 0,1484 га.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

           

 

Рудный қаласы әкімінің

    міндетін атқарушы                                                                                     С.  Қоқышев

 

 

 

Дата публикации
02 ноября 2023