БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Рудный қаласы әкімдігінің «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысының жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

 

 

 

 

 

 

Рудный қаласы әкімдігінің «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысының жобасына

 

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қаласы әкімдігінің «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірленді.

Осы қаулы жобасын әзірлеудің мақсаты мүгедектігі бар адамдар үшін өмір сапасын жақсарту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықованың төрағалығымен 2023 жылғы 2 тамыздағы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу хаттамасының 3.3-тармағын орындау үшін инватакси қызметтерін алушылардың, атап айтқанда аутизм спектрі бұзылған мүгедектігі бар балалар үшін санаттары кеңейтілді. Рудный қаласында аутизм ауруы бар мүгедектігі бар 64 бала тұрады.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы 2023 жылғы 7 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14702008

 

Дата публикации
08 сентября 2023