БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

 

 

 

Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2015 жылғы

18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімінің жобасына

 

 

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың     2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан      әрі – шешім жобасы) әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

«Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысының күші жойғанына байланысты шешім жобасының 5-тармағына  келесі өзгеріс енгізу қажет:

«5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін  өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы 2023 жылғы 6 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14699283

 

Дата публикации
06 сентября 2023