Мәслихаттың 2022 жылғы № 14 желтоқсандағы № 168 «Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

               

Жоба

 

 

 

 

 

 

Мәслихаттың 2022 жылғы № 14 желтоқсандағы  № 168 «Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2022 жылғы             14 желтоқсандағы № 168 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының              2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 бұйрығына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Лауазымы                                                                                                ТАӘ

 

Дата публикации
04 сентября 2023