«Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз-релизі
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.
Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты: Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы әлеуметтік қолдау шаралары, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
Аталған нормативтік құқықтық актінің жобасы қарастырады:
- 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы;
- тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1500 АЕК мөлшерінде бюджеттік кредиттер.
Аталған шешімнің жобасын қабылдау мақсаты Перцев ауылын дамыту мақсатында денсаулық сақтау, білім беру мамандарын ауылдық жерлерге жұмысқа тарту болып табылады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешімнің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14564474