Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

 ШЕШІМ ЖОБАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс  істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы  мамандарға 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

 

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес  мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы  көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау  көрсетілсін.

1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит.

  1. Осы шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
18 мая 2023