Мәслихаттың 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 181 «Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне    өзгерістер  енгізу туралы

Рудный қалалық мәслихаты шешімінің

жобасы

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                            

 

Мәслихаттың 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 181 «Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне    өзгерістер  енгізу туралы

 

 

Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 181 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

     1) кірістер – 37 498 287,9 мың теңге, оның ішінде:

     салықтық түсімдер бойынша – 30 011 349,0 мың теңге;

     салықтық емес түсімдер бойынша – 52 168,0 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 99 336,0 мың теңге;

     трансферттер түсімі бойынша – 7 335 434,9 мың теңге;

          2) шығындар – 38 101 561,6 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 6 783 757,1 мың теңге;

          5)  бюджет тапшылығы (профициті) –  -7 387 030,8 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 387 030,8 мың теңге.»;

           көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын.

          «4. Жергілікті атқарушы органның 2023 жылға арналған резервінің мөлшері 600 000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

         көрсетілген   шешімнің   1-қосымшасы   осы    шешімнің  қосымшасына   сәйкес  жаңа   редакцияда   жазылсын.

  1. Осы шешім 2023  жылғы 1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізіледі.

 

Дата публикации
18 мая 2023