БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы             11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

 

Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы             11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына

 

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың      2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы әзірленді.

Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты Қостанай облысының әкімі Қ.І. Ақсақаловтың тапсырмасы болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

Аталған құқықтық-нормативтік актінің жобасы 9 мамыр - Жеңіс        күніне орай табыстарын есепке алмай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмекті төлеуді қарастырады.

Былай айтқанда жобаны қабылдау Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету үшін қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14499594

Дата публикации
18 апреля 2023