«Рудный қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1618 «Рудный қаласына, Қашар, Горняцк кенттеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Рудный қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1618 «Рудный қаласына, Қашар, Горняцк кенттеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасын әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 2 тармағына 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14150784