Рудный қалалық мәслихаты
шешімінің жобасы
Мәслихаттың 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 97 «Рудный қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Рудный қалалық мәслихатының Регламентінде:
«хатшысы», «хатшысының», «хатшысымен», «хатшысына» деген сөздер тиісінше «төрағасы», «төрағасының», «төрағасымен», «төрағасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қалалық мәслихат төрағасы С. Байгужин