Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі
Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген мәслихаттың Үлгілік регламентінің 79-тармағына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген шешім жобасын қабылдау мақсаты ҚР заңнамасына сәйкес ретке келтіру болып табылады. Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14382067 орналастырылды.