Рудный қалалық мәслихаты шешімінің жобасы
«Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қалалық мәслихат төрағасы С. Байгужин
Мәслихаттың
2023 жылғы «__» ______
№ __ шешімімен
бекітілді
«Рудный қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
мәслихаттың және оның органдарының ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, метариалдық-техникалық, сессиялық және өзге де қызметін жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жассуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, мәліметтерді, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтардың болуы;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына қамтамасыз ету;
мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
аппараттың жұмысын жоспарлау, мәслихат пен оның органдарының отырыстарын, кеңестерін, семинарларын және мәслихаттың басқа да іс-шараларын өткізу, оларды дайындауды және өткізуді ұйымдастыру;
мәслихат пен оның органдарының отырыстарына қатысу;
депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихаттың басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның органдарының қызметін интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз ету;
мәслихаттың қарауына келіп түскен шешімдердің жобалары бойынша жұмыс жасау;
мәслихат депутаттарының заңнамада белгіленген құзыреттерді іске асыруына көмек көрсету;
мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың кадр мәселелерін шешуді қамтамасыз ету;
мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынылған өкілеттіктер шегінде мәслихат пен оның органдарының мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады;
мәслихат пен оның органдарының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
депутаттардың, мәслихаттың тұрақты, уақытша және өзге де комиссияларының ұсыныстары негізінде мәслихат жұмысының перспективалық жоспарларын жасайды, оның қызметі туралы есептер дайындайды;
мәслихат депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
сессияларда қаралатын мәселелерді мәслихаттың тұрақты, уақытша және өзге де комиссияларының отырыстарында алдын ала талқылауды ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер мен қорытындылардың жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсетеді, мәслихат және оның органдары сессияларының хаттамаларын жүргізеді;
мәслихат актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жібереді;
әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша материалдар дайындауға қатысады, депутаттарды оқытуды жүзеге асырады, барлық деңгейдегі мәслихаттардың озық жұмыс тәжірибесін жинақтайды және практикаға енгізеді;
өз құзыреті шегінде мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынылған өкілеттіктер шегінде қарайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
мәртебесі, өкілеттігі
мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасауды қаматамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттараға қол қояды;
мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда мәслихат атынан өкілдік етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.