Рудный қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 92 «Рудный қаласының 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 25 552 952,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 19 828 160,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 49 915,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 3 107 648,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 2 567 229,5 мың теңге;
2) шығындар – 30 686 915,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 475 083,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 1 475 083,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 609 045,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 609 045,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.