Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы

Рудный                     Рудный қалалық мәслихаты шешімінің                    

                              жобасы

 

 

 

 

 

Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға

арналған қалалық бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер – 22 291 874,0  мың теңге, оның ішінде:

салықтық  түсімдер бойынша – 22 140 370,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 52 168,0 мың теңге;

         негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер бойынша – 99 336,0  мың  теңге;

         трансферттер түсімі бойынша – 0,0 мың теңге;

 2) шығындар – 22 291 874,0  мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;

 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

 5)  бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             0,0 мың теңге.

  1. Рудный қаласының қалалық бюджетінен Горняцк және Қашар кенттерінің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері белгіленсін:

1) Рудный қаласының қалалық бюджетінен Горняцк және Қашар  кенттерінің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 2023 жылға 181 663,0 мың теңге, оның ішінде:

Горняцк кентіне – 57 053,0 мың теңге;

Қашар кентіне  –  124 610,0 мың теңге;

2) Рудный қаласының қалалық бюджетінен Горняцк және Қашар  кенттерінің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 2024 жылға 193 574,0 мың теңге, оның ішінде:

Горняцк кентіне – 59 284,0 мың теңге;

Қашар кентіне  –  134 290,0  мың теңге;

3) Рудный қаласының қалалық бюджетінен Горняцк және Қашар  кенттерінің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 2025 жылға 206 178,0 мың теңге, оның ішінде:

Горняцк кентіне – 61 703,0 мың теңге;

Қашар кентіне  – 144 475,0  мың теңге;

  1. Горняцк және Қашар кенттерінің бюджетінен бюджет алымдарының көлемдері 2023 жылға – 0,0 мың теңге, 2024 жылға – 0,0 мың теңге, 2025 жылға – 0,0 мың теңге құрайтыны белгіленсін.
  2. 2023 жылға арналған жергілікті атқарушы орган резервінің мөлшері 100 000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2022