Рудный қалалық мәслихаты
ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ
Рудный қалалық мәслихатының шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Рудный қалалық мәслихаттың «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7681 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы С. Байгужин