БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қалалық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешімінің жобасына
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешімінің жобасы әзірленді.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Жоба «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 4-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Аталған құқықтық-нормативтік актінің жобасы мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарына және өзге заңды өкілдеріне әлеуметтік қолдауды көрсетуді қарастырады.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13997704