БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімінің жобасына
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімінің жобасы әзірленді.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
Аталған құқықтық-нормативтік актінің жобасы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті көрсетуді қарастырады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13997593