Рудный қалалық мәслихаты шешімінің
жобасы
|
Мәслихаттың 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 92 «Рудный қаласының 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 26 618 896,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 21 458 160,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 49 915,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 1 477 648,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 3 633 173,7 мың теңге;
2) шығындар – 31 350 553,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 3 015 780,1 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 3 015 780,1 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -7 747 436,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 747 436,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.