Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

«Рудный қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2021 жылғы

II жартылжылдықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

Рудный қ.                                                                                                 2022 жылғы 29 желтоқсан

 

           

            Рудный қалалық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 7 нқ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жұмыс тобымен                      2022 жылғы 26-29  желтоқсан аралығында жүргізілді.

  1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

            Аппарат Рудный қалалық мәслихатының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. 2022 жылдың екінші жартыжылдығының есепті кезеңінде Рудный қалалық мәслихаты аппараттың қызметіне қатысты 1 нормативтік құқықтық актіні – «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Рудный қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы шешімін қабылдады.

            Зерделеу қорытындысы бойынша нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзшылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ. 

  1. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  • персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

            Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды;

            есептілік кезеңде бір қызметкер біліктілікті арттыру курсында оқудан өтті;

            Аппаратта ауысушылық жоқ;

            Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерді қайталау фактілері жоқ;

            қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Алынбаған тәртіптік жазасы бар қызметкерлерге сыйлықақы беру фактілері жоқ;

            талданып отырған кезеңде аппарат қызметкерлерін  жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін іс-әрекеттері болған жоқ;

  • мүдделер қақтығысы анықталған жоқ;
  • Аппарат мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;
  • Аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ;
  • Аппаратта бақылау функциялары жоқ.

2022 жылғы  екінші жартыжылдықта  заңды тұлғадан 7 өтініш және жеке тұлғалардан  12  өтініш  келіп түсті.

            Бұқаралық ақпарат құралдарына («Рудненский рабочий» қалалық газеті, Рудный қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы) жүргізілген мониторинг аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты  материалдардың жоқтығын көрсетті.

            Жүргізілген мониторинг кезеңінде прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

            Аппаратта мемлекеттік сатып алуды жүргізу бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес  баға ұсыныстарын сұрату және тікелей келісім шарт жасау арқылы бір көзден тәсілімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алуды тиісті өткізу қамтамасыз етіледі, бұзушылықтар анықталған жоқ.

            «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

«Рудный қалалық мәслихатының

аппараты» ММ аппарат басшысы                                                                        Д. Калеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 января 2023