Рудный қаласы әкімдігі қаулысының жобасы
Әзірлеуші Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» ММ
Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар
мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған
тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф белгіленсін:
қалалық қатынаста жол жүру үшін интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғылары арқылы төлем төлеуді қоса алғанда, электрондық төлем жүйесі арқылы төлем төлеу кезінде барлық маршруттар үшін бірыңғай - 100 (бір жүз) теңге мөлшерінде, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 150 (бір жүз елу) теңге мөлшерінде.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Қ. Испергенов
Рудный қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «____» _________
№ _________ қаулысына
қосымша
Рудный қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының
тізбесі
- Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6485 болып тіркелген.
- Рудный қаласы әкімдігінің «Әкімдіктің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 1179 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8659 болып тіркелген.
- Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 «Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 487 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27751 болып тіркелген.
_________________________