Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Рудный қалалық мәслихаты шешімінің

жобасы

 

 

                                                                                            

Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне    өзгерістер  енгізу туралы

 

Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 39 422 980,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 32 851 614,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 1 325 409,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 836 746,0  мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 409 211,3 мың теңге;

2) шығындар – 42 911 321,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 389 586,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2 001 000,0 мың теңге;

 5)  бюджет тапшылығы (профициті) –  -5 878 927,1 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –    5 878 927,1 мың теңге.»;

көрсетілген  шешімнің  4-тармағы   жаңа   редакцияда   жазылсын:

«4. 2026 жылға арналған жергілікті атқарушы орган резервінің мөлшері  430 000  мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген  шешімнің 1, 2-қосымшалары осы   шешімнің  1, 2-қосымшаларына  сәйкес   жаңа   редакцияда   жазылсын.

  1. Осы шешім 2026  жылғы 1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат төрағасы                                             А. Искаков

Дата публикации
05 октября 2026