сессия хаттамасы 19.03.2026

 

 

Рудный    қалалық    мәслихатының сегізінші шақырылымының   он үшінші кезекті сессиясының отырысы

 

 

Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).

 

 

ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.

 

Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын. Сессияны орыс тілінде өткізу туралы ұсыныс бар.

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының он үшінші кезекті сессиясында 14 депутаттан 8-і және 2 депутат бейнеконференция тәртібінде қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Рудный қаласының әкімі, Қашар кентінің әкімі, Рудный қаласы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.

Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының он үшінші кезекті сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын.

 

Бізге қалалық мәслихаттың он үшінші кезекті сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет. Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:

сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;

күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;

басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, арыздар мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін;

шешім ашық дауыспен қабылдансын;

дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.

 

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

А. Искаков Рудный қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына және Рудный қаласы әкімінің ұсынысы бойынша келіп түскен мәселелерге сәйкес құрылған күн тәртібін бекітуді ұсынамын:

  1. Рудный қалалық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есебі.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

  1. Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

А. Искаков Бірінші мәселе «Рудный қалалық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есебі».

 

2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп берді.

 

Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды.

Рудный қалалық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есебін бекітуді ұсынамын;

депутаттарға сайлаушылармен жұмысты жалғастыру, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, қоғамдық пікірді зерделеу, азаматтарды жеке қабылдау, мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ресми жазбаша сауалдар жолдау жұмыстарын күшейту ұсынылсын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Депутаттарға келесі ұсынылған мәселелер бойынша қатысып отырған баяндамашыларды тыңдамай, дереу мәселелерді талқылауға көшуді ұсынамын. Қаралатын мәселелер бойынша материалдар депутаттардың қолында.

 

А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Баяндамашы: Рудковская Альфира Амировна, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру жұмысы жөніндегі секторының меңгерушісі.

Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

 

А. Искаков Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды.

Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Баяндамашы: Исмағұлов Мейірбек Райымбекұлы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық  тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

 

А. Искаков Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды.

Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы».

Баяндамашы: Жилиспаев Алмат Аманболұлы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

 

А. Искаков Аталған мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралды.

Рудный қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекітуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Осымен күн тәртібі тәмамдалды.

Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары болады ма?

Ұсыныстар түскен жоқ.

 

Рудный қалалық мәслихатының он үшінші кезекті сессиясын жабық деп жариялаймын. Сессия жұмысына қатысқандарыңыз үшін рахмет.

 

Қалалық мәслихат төрағасы                                                           А. Искаков

 

Жазбаны жүргізген                                                                           Н. Додрова

 

 

Дата публикации
20 марта 2026