Рудный қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы
Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын. Сессияны орыс тілінде жүргізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 14 депутаттан 7 және 3-уі бейнеконференция арқылы қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.
Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын.
Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.
Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;
күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;
басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;
шешім ашық дауыспен қабылдансын;
дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын.
Рудный қаласы әкімінің ұсынысы және Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Күн тәртібінің бірінші мәселесі «Мәслихаттың 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 208 «Рудный қаласын басқару сұлбасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Баяндамашы: Беглов Николай Николаевич, «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.
Н. Беглов Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Мәслихаттың 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 208 «Рудный қаласын басқару сұлбасын бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының қаулысымен Елена Викторовна Березун және Владимир Павлович Шаповалов жеке өтініштері негізінде Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылды.
Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды.
Рудный қалалық мәслихатының ресми сайтында Рудный қалалық сайлау комиссиясындағы бос орындарға орналасу конкурстары туралы 4 хабарлама орналастырылды.
2026 жылғы 10 маусымда өткен мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Рудный қалалық сайлау комиссиясының бір мүшесі шығып қалғанның орнына сайланды.
8-23 маусым кезеңінде екінші бос орынға орналасуға «ҚХП» партиясынан 1 (бір) ұсыныс түсті.
Ұсынылған кандидат аумақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Партиядан түскен ұсыныстың негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғанның орнына Рудный қалалық сайлау комиссиясының құрамына жаңа мүшені сайлау қажет.
Баламалардың жоқтығын ескере отырып ұсынылған шешім жобасына сәйкес ашық дауыс беруді ұсынамын.
Кім шығып қалғанның орнына Рудный қалалық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатураны сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 88 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Рудный қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен № 134 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан комиссия мүшесі жеке өтініші негізінде шығарылды. Осылайша пайда болған бос орынды толықтыру қажеттілігі туындады.
Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды. Рудный қалалық мәслихатының ресми сайтында Рудный қаласының учаскелік сайлау комиссиясындағы бос орынға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарлама орналастырылды. Конкурс кезінде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданды.
Бос орынға орналасуға «Рудный қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінен ұсыныс түсті.
Ұсынылған кандидат учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ұсыныс негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғанның орнына учаскелік сайлау комиссиясының құрамына жаңа мүшені сайлау қажет.
Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес ашық дауыс беруді ұсынамын.
Кім шығып қалғанның орнына учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатураны сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы».
Баяндамашы: Скаредина Елена Вадимовна, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
Е. Скаредина Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселелер Рудный қаласының әкімімен ұсынылған әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жеке құрамдарына қатысты. Депутаттарға комиссиялардың жеке құрамдары бойынша баяндамашыны тыңдамауды, дереу туындаған сұрақтар көшуді ұсынамын.
Мәселелер бойынша баяндамашы - Скаредина Елена Вадимовна, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Қаралатын мәселе «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекіту туралы».
Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекіту туралы».
Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның жеке құрамын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғалардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару жөніндегі консультациялық-кеңесші ведомствоаралық арнайы комиссияның жеке құрамын бекіту туралы».
Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғалардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару жөніндегі консультациялық-кеңесші ведомствоаралық арнайы комиссияның жеке құрамын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның жеке құрамын бекіту туралы».
Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның жеке құрамын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы».
Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков «Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.
Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?
Ұсыныстар түскен жоқ.
А. Искаков Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.
Қалалық мәслихаты төрағасы А. Искаков
Жазбаны жүргізген Н. Додрова