Рудный қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 20536 болып тіркелген) сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Рудный қаласының әкімі В. Ионенко