Рудный қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы
Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын. Сессияны орыс тілінде жүргізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 14 депутаттан 10-ы қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшылары қатысып отыр.
Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын.
Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.
Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;
күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;
басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;
шешім ашық дауыспен қабылдансын;
дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Рудный қаласы әкімінің ұсынысы және Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Бірінші мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы 87 «Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 21/22 қаулысымен Елена Викторовна Березун және Владимир Павлович Шаповалов жеке өтініштері негізінде Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылды.
Осылайша, Рудный қалалық сайлау комиссиясындағы бос орындарды толықтыру қажеттілігі туындады.
Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды.
Рудный қалалық мәслихатының ресми сайтында Рудный қалалық сайлау комиссиясындағы бос орындарға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарламалар орналастырылды. 2026 жылғы 23 сәуірден бастап қатарынан 3 конкурс жарияланды.
1 (бір) бос орынға орналасуға ЖСДП партиясынан Рудный қалалық сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну бойынша бір (бір) ұсыныс келіп түсті.
Ұсынылған кандидат аумақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Партиядан келіп түскен бір ұсыныстың негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғанның орнына Рудный қалалық сайлау комиссиясының құрамына жаңа мүшені сайлау қажет.
Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынамын.
Кім шығып қалғанның орнына Рудный қалалық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатураны сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы».
Баяндамашы: Исмағұлов Мейірбек Райымбекұлы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
М. Исмағұлов Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Бұл жарналардың ең төмен мөлшері, егер тұрғындар жиналып, біздің шешіммен қабылдаған ең төмен жарналардан қарағанда төмен тарифті бекіту туралы шешім қабылдаған жағдайда жарамды бола ма?
М. Исмағұлов Иә, Рудный қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері қолданылады, шешіммен бекітілген ең төмен мөлшерден төмен бекіту мүкін емес.
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Рудный қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекітуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Дауыс берді: «қолдап»-9; «қарсы»-1; «қалыс қалды»-0.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.
Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?
Ұсыныстар түскен жоқ.
А. Искаков Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.
Қалалық мәслихаты төрағасы А. Искаков
Жазбаны жүргізген Н. Додрова