Рудный қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы
Қатысқандар: 11 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын. Сессияны орыс тілінде жүргізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 14 депутаттан 11-ы, олардың 2-уі бейнеконференция арқылы қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.
Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргілізіп жатқанын естеріңізге саламын.
Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.
Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;
күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;
басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;
шешім ашық дауыспен қабылдансын;
дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Рудный қаласы әкімінің ұсынысы және Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Бірінші мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 190 «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша Рудный қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Рудный қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен округтік сайлау комиссияларының құрамынан комиссия мүшелері өздерінің жеке өтініштері негізінде 6 округтік сайлау комиссиясынан 7 адам шығарылды. Осылайша №№ 2,4,6,8,9,14 сайлау комиссияларындағы пайда болған бос орындарды толықтыру қажеттілігі туындады.
Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты сайлау құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды. Рудный қалалық мәслихатының ресми сайтында Рудный қаласының округтік сайлау комиссияларындағы бос орындарға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарлама орналастырылды. Конкурс кезінде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданды.
Бос орындарға орналасуға «AMANAT», «АҚ ЖОЛ», «ҚХП», «ЖСДП», «АУЫЛ» партияларынан ұсыныстар келіп түсті.
Ұсынылған кандидаттар сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Партиялардан келіп түскен ұсыныстар негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғандардың орнына округтік сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау қажет.
Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға дауыс беру тізім бойынша жүргізіледі. Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынамын.
Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады.
Кім шығып қалғандардың орнына окруктік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатураларды сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 88 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Рудный қалалық сайлау комиссиясының қаулыларымен учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан комиссия мүшелері өздерінің жеке өтініштері негізінде 28 учаскелік сайлау комиссиясынан 53 адам шығарылды. Осылайша №№ 129,131,132,134,135,136,137,138,141,142,143,145,147,150,152,153,154,155,156,
157,158,159,163,165,167,169,173,849 учаскелік сайлау комиссияларындағы пайда болған бос орындарды толықтыру қажеттілігі туындады.
Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды. Рудный қалалық мәслихатының ресми сайтында Рудный қаласының учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарламалар орналастырылды. Конкурс кезінде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданды.
Бос орындарға орналасуға «AMANAT», «АҚ ЖОЛ», «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы», «ҚХП», «ЖСДП», «RESPUBLIKA», «АУЫЛ» партияларынан, «Ардагерлер ұйымы» және «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестіктерінен ұсыныстар келіп түсті.
Ұсынылған кандидаттар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ұсыныстар негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау қажет.
Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға дауыс беру тізім бойынша жүргізіледі. Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынамын.
Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады.
Кім шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатураларды сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Баяндамашы: Исмағұлов Мейірбек Райымбекұлы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
М. Исмағұлов Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 169 «Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізу ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.
А. Искаков Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?
Ұсыныстар түскен жоқ.
А. Искаков Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.
Қалалық мәслихаты төрағасы А. Искаков
Жазбаны жүргізген Н. Додрова