сессия хаттамасы 22.04.2026

 

 

Рудный    қалалық    мәслихатының

сегізінші              шақырылымының    кезектен тыс сессиясының отырысы

 

 

Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).

 

 

 

ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.

 

 

Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын. Сессияны орыс тілінде жүргізу туралы ұсыныс бар.

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 14 депутаттан 9-ы және 1 депутат бейнеконференция арқылы қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр.

Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргілізіп жатқанын естеріңізге саламын.

Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.

Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:

сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;

күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;

басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;

шешім ашық дауыспен қабылдансын;

дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.

Дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Рудный қаласы әкімінің ұсынысы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

  1. Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

 

  1. Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комисссияның жеке құрамын бекіту туралы.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Бірінші мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік  көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Баяндамашы: Скаредина Елена Вадимовна, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

Е. Скаредина  Баяндайды (баяндама қоса берілді).

 

А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

 

А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады.

Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік  көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы».

Баяндамашы: Жигунова Зоя Витальевна, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

 

З. Жигунова  Баяндайды (баяндама қоса берілді).

 

А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

 

Е. Аленчик 2026 жылы өтініш білдіргендер бар ма?

 

З. Жигунова 2026 жылы өтініш білдірушілер жоқ. Бұл қызметтің бүкіл тарихында бірде-бір өтініш болған жоқ, бірақ соған қарамастан Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді біз жыл сайын қабылдауымыз керек. Біз бұл қызметті көрсетуге дайын болуымыз керек және қажет болған жағдайда, жүгінген жағдайда қаражатты іздеп, төлеуіміз керек.

 

А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады.

Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комисссияның жеке құрамын бекіту туралы».

Баяндамашы: Рахманова Әсем Айтуғанқызы, «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы хатшысының уақытша міндетін атқарушы.

 

Ә. Рахманова  Баяндайды (баяндама қоса берілді).

 

А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?

Сұрақтар қойылған жоқ.

А. Искаков Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комисссияның жеке құрамын бекітуді ұсынамын.

Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.

Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.

Шешім қоса берілді.

 

А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.

 

А. Искаков Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?

Ұсыныстар түскен жоқ.

 

А. Искаков Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын. Сессия жұмысына қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Қалалық мәслихаты төрағасы                                                        А. Искаков

 

Жазбаны жүргізген                                                                           Н. Додрова

 

Дата публикации
24 апреля 2026