Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Лидер-2010» на земельный участок

 

«Лидер-2010»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне

жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы  5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Лидер-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, Комсомол даңғылы (қалалық аурухана жағынан) мекенжайы бойындағы қышқыл сүт өнімдерін бөлшек саудамен өткізу үшін жанамалай салынған сауда павильоны бар сауда-аялдама кешеніне 0,4 кВ әуе және жер асты электр беру желісін төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0004 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Рудный қаласының әкімі                                                       В. Ионенко

 

 

 

 

Дата публикации
17 июня 2026