БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Рудный қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасына
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасының негізгі мақсаты Қостанай облысы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың нақты қағидаларын, біркелкі әлеуметтік көмек түрлерін белгілеу болып табылады.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2026 жылғы 27 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастырылған:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15815270
.