«Рудный қаласында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Рудный қаласында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ «Рудный қаласында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабына, «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15812247

 

Дата публикации
23 апреля 2026