GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 сентября 2026
«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» марафонына қатысыңыз!

⚜️Елімізде Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және ұлттық «Кітап оқитын ұлт» бастамасын ілгерілету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылатын республикалық марафон басталды.

📘«Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты қосылған. Қатысушылар арнайы әзірленген тізімнен қазақ тіліндегі 15 немесе орыс тіліндегі 15 кітапты оқуы тиіс.

📖 Тізімге отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи әдебиеттер енгізілген. Бұл – ой-өрісті кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытатын, жаңа идеяларға шабыт беретін құнды туындылар.

🗓 Марафон 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз аралығында өтеді.

🏆 Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

Барлық мемлекеттік қызметшілерді марафонға қатысып, «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық қозғалысының бір бөлігі болуға шақырамыз! 📚

🔗 Кітаптар тізімі және қатысу шарттары: www.reading-nation.kz

15 сентября 2026
АНОНС

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
08 сентября 2026
АНОНС

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                                 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5 және                      2, 4 тармақтарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2026 жылғы 7-30 қыркүйек аралығында Алматы облысы Райымбек ауданы «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:

- Бөлімнің  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;

- ұйымдастыру-басқару қызметінде;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда сіз мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 8(72779) 2 20 40,

Р. Зординов -  Райымбек аудандық мәслихат аппаратының бас маман-                                         заңгері.

04 сентября 2026
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ХАЛҚЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

      VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2026 жылдың

МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНДАҒЫ КӨПШІЛІК ТЫҢДАУ

                  ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес көпшілік тыңдауда қаралатын мәселелер:

1) «Аудандағы білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары».

2) «Аудандағы жер қатынастарының қазіргі жағдайы және жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері »

Өтетін орны мен мерзімі: Нарынқол ауылы, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залы.  23 қыркүйек 2026 жыл, сағат: 10:00.

Депутаттардың сайлаушыларды қабылдау кестесі
02 июня 2026
Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының маусым айында сайлаушыларды қабылдауы

Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының сәуір айында сайлаушыларды қабылдауы

Мәслихат сессиялары
18 мая 2026
Хабарландыру!!!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес,                   VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының   кезектен тыс LVIIІ сессиясы 2026 жылғы 20 мамыр күнгі сағат 10.00-де      Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткізіледі.

08 мая 2026
VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихат депутаттарының мамыр айы бойынша сайлаушыларды қабылдау кестесі.
Мәслихат сессиялары
15 апреля 2026
Хабарландыру!
Депутаттардың сайлаушыларды қабылдау кестесі
07 апреля 2026
Депутаттардың 2026 жылғы сәуір айындағы азаматтарды қабылдау кестесі

Депутаттардың 2026 жылғы сәуір айындағы азаматтарды қабылдау кестесі

Мәслихат сессиялары
07 апреля 2026
Хабарландыру!!!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                    3-тармағына сәйкес, VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының                                     кезектен тыс LVI сессиясы 2026 жылғы 10 сәуір күнгі сағат 10.00-де      Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткізіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы