Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Алматы облысы Райымбек ауданының мәслихаты жаңадан құрылған №1033 жабық учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылардың санына қарай аудандық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.