Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы атағын беру Қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы атағын беру
Қағидаларын бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 33-180 шешімі. Алматы
облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 6217-05 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi
басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)
және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-тармақшасына
бабының сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:1-тармағына
1. Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы" атағын беру
Қағидалары осы шешімнің сәйкес бекітілсін.қосымшасына
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы "Алматы
облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы" атағын беру Қағидаларын
бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік№ 45-261
тіркеу тізілімінде № 3242 болып тіркелген);
2) Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы "Алматы облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы "Алматы облысының (қаласының,
ауданының) құрметті азаматы" атағын беру Қағидаларын бекіту туралы" № 45-261
шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді№ 29-155
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының
басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
К. Байгоджаев
Алматы облыстық мәслихатының 2025
жылғы 25 ақпандағы № 33-180
шешіміне қосымша

Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы атағын беру Қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
11 сентября 2025