Депутаттық сауал

03.04.2025 жыл.№83-25-03-17/58-И

 

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы міндетін атқарушы Еркін Майлыбайұлына

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

 Құрметті Еркін Майлыбайұлы!

          VIIІ сайланған Райымбек аудандық мәслихаты депутаттарының халықпен тұрақты кездесулерінде түсіп жатқан өтініш, ұсыныстар бойынша төмендегідей өзекті мәселе бойынша сауалды жолдаймыз:

Райымбек ауданында барлығы 23401 гектар суармалы жер бар. Оның ішінде 18080 гектар жерге суды cу пайдаланушыларға «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «АЛМАТЫОБЛСУШАР» ШЖҚ МКК-ның Нарынқол өндірістік бөлімі жеткізіп береді.

  2019-2020 жылдары облыстық құрылыс басқармасының тапсырмасымен Райымбек ауданының  суландыру  жүйелеріне қайта  жабдықтау жұмыстарын жүргізуге  8,428 млрд. тенгеге  жоба жасалынған. Бұл жобада 19 ішкі шаруашылық және  2 шаруашылықаралық каналдар қаралған.

         Бұл жобалар шала жасалғандықтан 2023 жылы қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, сараптамадан өткен. Осы каналдардың жобалық сметалық          құжаттары бойынша, монтаж  жұмыстарына 28,5 млрд. теңге  болып анықталған.  Конкурс арқылы құрылыс  жұмыстарын  жүргізуді  «Толағай» ЖШС-і ұтқан. Бірінші  кезекте  «Әбдіқалық», «Ақбұлақ», «Талас»  каналдарына  жұмыс жүргізілу керек болса,бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстары  басталған жоқ.  Тапсырыс беруші Алматы облысының құрылыс басқармасы. Каналдардың жалпы ұзындығы 248,5 км құрайды, бүгінгі күнге 3,5 км ғана лоток қойылып біткен.

2024 жылы «Казачий 1, 2, 3» каналдарының жөндеу жұмыстарына1,8 млрд.теңге бөлінген. Оның 482 млн.теңгесі «Гидро Құрылыс»ЖШС-мен игеріліп, олар жасалу керек 19 шақырымның 35-40 пайызын жасапаяқсыз қалған. Ол кезде тапсырыс беруші  Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасы болған. Оның сыртында «Үкірші», «Қаратоған», «Ортатоған», «Дараты», «Белтоған», «Үлкен Қақпақ», «Жаңа-Жеміс» шаруашылықаралық каналдарына көп жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қайран басқан, су өткізу мүмкіндіктері төмен, жыл сайын механикалық тазалауды қажет етеді. Нарынқол өндірістік бөлімі қолда бар техникасымен толыққанды жұмыс атқара алмайды және мүмкіндігі жоқ.

Осы айтылған кемшіліктерді ескерсек ауданда су пайдаланушы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне су жеткізу мәселесі төменгі деңгейде екенін көрсетеді. Тиісті орган басшыларының қадағалануынсыз, қарамағандығынан осындай жағдайларға жетті деп есептейміз.

Сондықтан, «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «АЛМАТЫОБЛСУШАР» ШЖҚ МКК  27.03.2025 жылғы №30-Ж бұйрығының №1 қосымшасымен бекітілген су беру қызметі бойынша сараланған тарифтеріндегі Нарынқол өндірістік бөлімшесінде каналдар бойынша 1 текше метр куб судың бағасы қосымша құн салығын қосқанда 1,401 теңгені құрап отыр. Бұнда 2024 жылы 71 тиын болған судың құны не себепті 2 есегеөсіп отыр. Бағаның қымбаттауын, баға неге сүйеніп жасалғанын халық сұрап, жауап күтіп отыр.Қазіргі қалыптасқан жағдайда бағаның көтерілуін негізсіз деп есептейміз.

Жоғарыдағы мәселелерге байланысты Сізден, депутаттық сауалға тиісті заңнама талаптарын ескере отырып жазбаша түрде жауап беруге және судың бағасының өсуін тараптарыңыздан зерделенуін сұраймыз.

 

         Аудандық мәслихат төрағасы

С. Мүсірбаев

 

         Аудандық мәслихат депутаттары

М. Себдайр

 

 

С. Жарылқасын

 

 

Б. Жүнісов

 

 

Ж. Нұрғожаев

 

 

Т. Ақылов

 

 

 

 

Депутаттық сауал сәуір 2025 жыл.
Дата публикации
18 апреля 2025