03.04.2025№_83-25-02-09/56-И
Алматы облысының білім
басқарамасының басышысы С. Беспаеваға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Салтанат Дауыспекқызы!
Райымбек аудандық мәслихатының VIII шақырылымындағы №3 сайлау округінің депутаты ретінде Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаратоған ауылының тұрғындарымен кездесу барысында түскен ұсыныс, пікірлерге байланысты төмендегідей сауалды жолдаймын:
Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаратоған ауылында өткен қоғамдық қабылдау барысында ауыл тұрғыны Р.К.Таласбаева «Нұрбапа Өмірзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан шағын орталықтың материалдық -техникалық базасының талапқа сай жабдықталмағаны, заттардың ескіргендігі жөнінде мәселе көтеріп шағымданған болатын.
Осыған орай, шағын орталықтың материалық-техникалық базасын жабдықтау бойынша Сіздердің тараптарыңыздан атқарылған жұмыстар мен болашақта жүзеге асатын іс-шаралардың есебін заңнама талаптарына сәйкес жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Аудандық мәслихат депутаты Т. Ақылов