|
02.04.205 жыл№83-25-02-09/54-И |
|
«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы С.Умбеталиевқа |
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Саят Ерсайынұлы!
Сізге осы депутаттық сауалды жолдауыма Қайнар ауылы сайлаушыларымен кездесу барысында айтылған ұсыныс-тілектер негіз болды.
«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы мектептің қосымша ғимаратын жылытуға ескі жылыту пешінің тозығы жетікен. Ал жылытуға арналған от жағу қазандығын ауыстыру үшін жаңадан келген «КВА-200» маркалы жылу қазандығы келгелі 3 уақыт болса да, бүгінгі күнге дейін белгісіз себептермен іске қосылмаған.
Жоғарыда аталған білім ошағының қосымша ғимартына жаңа от жағу қазандығын орнатуға ықпал етуіңізді сұраймын. Сайлаушылар аманатының нақты қашан жүзеге асатынына заң аясында жазбаша түрде тиісті жауап беруіңізді сұраймын.
№ 4 сайлау округінен сайланған
аудандық мәслихат депутаты С. Жарылқасын
@. Р. Зординов
(. 8 (72 779) 2-20-05