02.04.2025 жыл. №83-25-02-09/53-И
Райымбек ауданының әкімі
Дуйсенбаев Берік Фатықұлына
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Берік Фатықұлы!
Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылыРайымбек ауданының суландыру жүйелеріне қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Казачий 1,2,3»- каналдарына жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған.
Сайлаушылармен кездесу барысында, олар жүргізіліп жатқан жұмыс сапасы мен атқарылып жатқан жұмыстарының қарқыны төмендігін, белгіленген мерзімде,яғни 2025 жылғы суару науқанына жұмыс аяқталамай қалатындығы халық арасында дүрбелең туғызуда. Кіріс көзінің бірден-бір және басты тетігі болып саналатын ауылшаруашылығымен айналысатын аудан халқы үшін бұл аталған мәселе шешуді шұғыл қажет ететін, өткір мәселе болып отыр.
Жоғарыдағы қалыптасқан жағдайға байланысты алаңдаушылық туғызып отырған өзекті мәселені Сіздің назарыңызға жеткізе отырып, «Казачий 1,2,3» - каналдарының қалпына келтіріп,жөндеу жұмыстарын жылдамдатып жүргізуге ықпал жасауыңызды сұраймын.
Аудандық мәслихат депутаты Б.Жүнисов
@. Р. Зординов
(. 8 (72 779) 2-20-05