31.03.2025 жыл.№83-25-02-09/51-И
Райымбек ауданы әкімінің
орынбасары Ғ. Жусанбаевқа
Депутаттық сауал
Құрметті Ғалым Сәлімұлы!
«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес Райымбек ауданына қарасты елді мекендерде ай сайын көшпелі қабылдаулар өткізіп, қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдайды.
Қайнар ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылында өткен қоғамдық қабылдау барысында осы елді мекен тұрғыны Е.Мамытақын Қайнар ауылында ауыз толтырып айтатын бір де бір спорт нысандарының жоқ екендігін айтып, спорт сауықтыру кешенін, оған мүмкіндік болмаған жағдайда ашық спорт алаңын салып беруге мүмкіндік жасауды сұрады.
Осыған орай, осы мәселені шешуге байланысты қандай жұмыс атқарып жатқандарыңыз және осы мәселе түбегейлі қашан шешілетіндігі жөнінде ақпарат берсеңіз. Заңнама талаптарына сәйкес депутаттық сауалға жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Райымбек аудандық
мәслихат депутаты С.Жарылқасын