31.03.2025 жыл. №83-25-02-09/50-И
Райымбек ауданы әкімдігінің
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі ММ-нің басшысы Б.М.Себдайырға
Депутаттық сауал
«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес Райымбек ауданына қарасты елді мекендерде ай сайын көшпелі қабылдаулар өткізіп, қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдайды. Ұзақ батыр ауылдық округіне қарасты Сарыбастау ауылында өткен қоғамдық қабылдау барысында осы елді мекен тұрғыны Ұ.Чайыров Сарыбастау ауылындағы ауыз су жүйесіне қатысты туындаған мәселелерді көтерді. Ол ауыз су үйге кіргізілгенімен, ауылдың көпшілік бөлігінде су есептегіш құралдардың болмауын, соның нәтижесінде суға төленген ақша су қорын жинауға қызмет ететін электронасосқа қажетті электр қуатына төлейтін ақшаны да ақтамайтындығын, су жүйесінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін мамандар айлап еңбек ақы алмай жұмыс жасап жүргендігін тілге тиек етті. Су жүйесі бұзылған жағдайда «Нарынқол су құбыры» мекемесінің мамандарын шақырып, келтіру де қиындықтар туғызуда.
Осыған орай, осы мәселені шешуге байланысты қандай жұмыс атқарып жатқандарыңыз және осы мәселе түбегейлі қашан шешілетіндігі жөнінде ақпарат берсеңіз. Заңнама талаптарына сәйкес депутаттық сауалға жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Райымбек аудандық мәслихат депутаты Ж.Нұрғожаев