Депутаттық сауал Б. Сыдықбаев

31.03.2025 жыл. №83-25-02-09/49-И

Райымбек ауданы әкімінің

орынбасары Ғ. Жусанбаевқа

 

Депутаттық сауал

Құрметті Ғалым Сәлімұлы!

         «AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес Райымбек ауданына қарасты елді мекендерде  ай сайын көшпелі қабылдаулар өткізіп, қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдайды. 

         Сүмбе    ауылдық    округіне қарасты Сүмбе   ауылында өткен қоғамдық қабылдау барысында осы елді мекен тұрғыны Е.Бестібаев Сүмбе – Нарынқол облыстық маңызы бар авто жолдың қаражат болмауына байланысты орта жөндеуден өтпей қалған 12 шақырымы жөнінде мәселе қозғады.

         Осыған орай, осы мәселені шешуге байланысты қандай жұмыс атқарып жатқандарыңыз және осы мәселе түбегейлі қашан шешілетіндігі жөнінде ақпарат берсеңіз.  Заңнама талаптарына сәйкес депутаттық сауалға жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.

 

         Райымбек аудандық мәслихат депутаты                        Б.Сыдықбаев

Депутаттық сауал наурыз 2025 жыл.
Дата публикации
18 апреля 2025