31.03.2025 жыл.№83-25-02-09/47-И
Райымбек ауданы әкімдігінің
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі ММ-нің басшысы Б.М.Себдайырға
Депутаттық сауал
«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес Райымбек ауданына қарасты елді мекендерде ай сайын көшпелі қабылдаулар өткізіп, қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдайды. Сарыжаз ауылдық округіне қарасты Көмірші ауылында өткен қоғамдық қабылдау барысында осы елді мекен тұрғыны Ә.Құныпияев Көмірші ауылының ауыз су жүйесінің сапасыз жасалып, жер астында орналасқан құбырлардың жиі жарылатындығын айтып, елді мекен тұрғындары атынан шұғыл түрде осы мәселені шешу туралы өтініш айтты.
Бұл мәселе осыған дейін түрлі деңгейде көтеріліп, шешілуі сағызша бірнеше жылдарға созылып отырған мәселе. Ауыл халқы ауыз сусыз отырмау үшін ақау кеткен жерлерді өз қаражаттарымен жасап жамаудан шаршағандарын тілге тиек етіп, атқарушы биліктен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасауды талап етуде. Сол елді мекен сайлаушылары сенім артқан депутат ретінде Сізден тағы да бұл мәселенің қашан шешілетіндігін білгім келеді. Заңнама талаптарына сәйкес депутаттық сауалға жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Райымбек аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық
филиалының төрағасы Г. Арипова