31.03.2025жыл. №83-25-02-09/46-и
«Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.Е.Умбеталиевке
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Саят Ерсайынұлы!
«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес, Райымбек ауданына қарасты елді мекендерде ай сайын көшпелі қабылдаулар өткізіп, қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдайды. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаратоған ауылында өткен қоғамдық қабылдау барысында осы елді мекен тұрғыны Р.К.Таласбаева «Нұбапа Өмірзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан шағын орталықтың материалдық -техникалық базасының талапқа сай жабдықталмағаны, заттардың ескіргендігі жөнінде мәселе көтеріп шағымданған болатын.
Осыған орай, шағын орталықтың материалық-техникалық базасын жабдықтау бойынша Сіздердің тараптарыңыздан атқарылған жұмыстар мен болашақта жүзеге асатын іс-шаралардың есебін заңнама талаптарына сәйкес жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Райымбек аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық
филиалының төрағасы Г. Арипова