31.03.2025 жыл.№83-25-02-09/45-И
Райымбек ауданы әкімі
Б. Дүйсенбаевқа
Депутаттық сауал
Құрметті Берік Фатықұлы!
«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес Райымбек ауданына қарасты елді мекендерде ай сайын көшпелі қабылдаулар өткізіп, қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдайды.
Сарыжаз ауылдық округіне қарасты Сарыжаз ауылында өткен қоғамдық қабылдау барысында осы елді мекен тұрғыны Л.Абдуллаева Сарыжаз ауылында бір де бір мәдениет және спорт нысандарының жоқ екендігі жөнінде мәселе қозғады. Күре жолдың бойында орналасқан, Райымбек ауданының солтүстік қақпасы болып табылатын Сарыжаз ауылының жастарының жаздық және қыстық спорт түрлері мен мәдени іс-шараларға деген ынтасы мен қызығушылығы жоғары. Оның үстіне ауылдық мәдениет үйі мен спорт кешенінің заманауи ғимараттары бой көтерсе туризмді дамытуды мақсат етуді көздеп отырған аудан үшін туристердің алғашқы көзқарасын қалыптастыруға да ықпал етер еді.
Осыған орай, осы мәселені шешуге байланысты атқарушы билік қандай жұмыстар атқарып жатқаны және осы мәселе түбегейлі қашан шешілетіндігі жөнінде ақпарат берсеңіз. Заңнама талаптарына сәйкес депутаттық сауалға жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Райымбек аудандық мәслихат депутаты Ғ.Миркасимов