31.03.2025 жыл.№83-25-02-09/44-И
Алматы облысының білім
басқарамасының басышысы С. Беспаеваға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Салтанат Дауыспекқызы!
Райымбек аудандық мәслихатының VIII шақырылымындағы №4 сайлау округінің депутаты ретінде Жаңа Текес ауыл тұрғындарымен кездесу барысында түскен ұсыныс, пікірлерге байланысты төмендегідей сауалды жолдаймын:
«Жаңа Текес орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2004 жылы салынған. Аталған білім ошағына сол салынған уақыттан бүгінгі күнге дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Салдарынан білім ордасы қазір құлаудың шақ алдында тұр. Қабырғалары сөгіліп, шатырдан су ағып, едендер көгеріп, қабырғалар құлап, іргетасы опырылып балалардың сапалы білім алуына қауіп төндіруде. Спорт залда дене шынықтыру сабағын өткізбек түгілі, кірудің өзі қауіпті. Балалар біздің болашағымыз екені анық. Алайда, келер ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру үшін алдымен қаіупсіз орта қалыптастыру керек екені сан мәрте айтылып та, жазылып та жатыр.
Халық балаларына қауіпсіз мектеп іздеп, ауылдан үдере көшуде. Мысалы,бір отбасы ауылдан көшсе 3-4 бала мектептен кетіп жатыр. Шекаралық аймақта орналасқан Райымбек ауданы үшін халықтың жаппай көшуі өте өткір мәселе болып отыр.
Сізден, осы мәселеге байланысты аталған мектепке биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілуіне ықпал етуіңізді сұраймын. Жіберіліп отырған сауалыма Заң аясында тиісті жауап беруіңізді сұраймын. Жаңа Текес орта мектебінің қазіргі ахуалын тиісті қосымшаларға сәйкес жолдаймын.
Қосымша: 87 бетте (PDF форматта).
Аудандық мәслихат депутаты С. Жарылқасын