|
Райымбек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Б.Себдайровқа |
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Райымбек аудандық мәслихатының депутаты ретінде Нарынқол ауылының тұрғындарымен кездесу барысындағымәселелер бойынша төмендегі сауалды жолдаймын:
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің басты әлеуметтік міндеті болып табылады. Ауданымызда тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып тұр.Аудан орталығы Нарынқол ауылында халықты тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі іс-шаралар атқарылуда.
Алайда, сайлаушылар тұрғын үйлерді бөлуде үй кезегі қаншалықты ашық және әділ бөлінуде деген сұрақтар қоюда. Бірінші кезекте әлеуметтік осал топтағы жанұяларға, көп балалы ата-аналарға, мұқтаж азаматтарға берілсе. Бұл жөнінде ауданның тұрғын үй комиссиясының жұмысында ашықтық және тұрғындар арасында тығыз байланыс қажет деп есептеймін.
Жоғарыдағы айтылғанды ескере келе Сіздің назарыңызға жеткізе отырып, аудан орталығы Нарынқол ауылы бойынша коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметкерлерге (полиция бөлімі, аудандық аурухана қызметкерлеріне т.б.) немесе жеке тұрғын үй қорынан қандай тұлғаларға ұсынылды (мекемелер бойынша) және нақты ие болғандар санытуралысайлаушыларға мәліметтерді жеткізу үшін ақпарат жолдауыңызды және депутаттық сауалды қарау нәтижелері және оларды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
№ 1 сайлау округінен сайланған
аудандық мәслихат депутаты Б. Жунисов