АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА! Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

АУДАНДЫҚ    МӘСЛИХАТТА

Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                    3-тармағына сәйкес, VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының                       кезекті сессиясы 2024 жылғы 30 желтоқсан күнгі сағат 11.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтетіні жайында Сізді хабардар  етемін.   

Аудандық мәслихаттың депутаттарын  тіркеу 2024 жылғы 30 желтоқсан күнгі  сағат 9.00-ден бастап мәслихатта жүргізіледі.

Мәслихаттың «Депутаттар оқуы» сағат 9.30-да, мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері сағат 10.00-де  өткізіледі.

           Сессия  қарауына мына төмендегідей мәселелер ұсынылады:

  1. Райымбек ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.

Баяндамашы: Берікбай Ж.Н.   –     ауданның «Экономика және қаржы

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   басшысы  

  1. Мәслихат төрағасының VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының қызметін ұйымдастыруда 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

         Баяндамашы: Мусирбаев С.С. –     аудандық мәслихат төрағасы

  1. VIII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының 2025 жылға

арналған жұмыс жоспары туралы.

         Хабарламашы: Саретбаев Ғ.Б. –    мәслихат аппаратының басшысы

  1. Келіп түсуіне байланысты басқа да мәселелер

 

         Аудандық мәслихат төрағасы                          С. Мусирбаев

Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!
Дата публикации
17 декабря 2024